Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және Сенім Шаралары жөніндегі кеңес) Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай мырзаның шақыруымен, дипломатиялық корпус өкілдерімен бірге Астана қаласының Президенттік саябағында АӨСШК аллеясын абаттандыру жөніндегі іс-шараға қатысты. Акцияға қатысушылар Сакура және Сиверс алма ағаштарының көшеттерін отырғызды.
Естеріңізге сала кетейік, АӨСШК – бұл 28 мемлекетті біріктіретін халықаралық форум, оның басым мақсаттарының бірі біздің планетамыздың қоршаған ортасын қорғау болып табылады.
Министр іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, бүгінгі таңда Қазақстан орман қорын қорғау және өсімін молайту жөніндегі жұмысты белсенді жүргізіп жатқанын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейтіп, жануарлар дүниесін сақтау үшін жағдай жасайтынын атап өтті.
АӨСШК аймағының кең географиясы бар, құрғақшылық, шөлейттену, су тапшылығы, қатты ыстық, су тасқыны және жер сілкінісі сияқты әртүрлі климаттық қиындықтар орын алады.
АӨСШК-нің алтыншы саммиті барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Астана қаласында экологиялық проблемаларды шешу тәсілдерін талқылау үшін АӨСШК өкілдеріне мемлекеттердің жоғары деңгейдегі конференциясын өткізуді ұсынды.
Қазіргі уақытта 2024 жылы Астанада АӨСШК елдерінде экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференцияны ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды.
«Бұл Конференция су қауіпсіздігінің, ауаның ластануының, сондай-ақ АӨСШК-ге өкіл мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігінің ұлттық және өңірлік проблемаларын шешу бойынша қажетті шаралар мен іс-қимылдарды ілгерілетуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін», – деді З.Сүлейменова.