ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова «Жасыл мекен» челленджіне қатысты

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk 

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова «Жасыл мекен» челленджіне қатысты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған экологиялық акцияға еліміздің жеті мыңнан астам орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттер бар.

«Жасыл мекен» республикалық челленджі Астана уақытымен сағат 12:00-де басталды. Экология министрі Ақмола облысының №1 Қоянды мектебінің оқушыларымен бірге көшет отырғызды.

Министр мектеп оқушыларына сөйлеген сөзінде бір отырғызылған ағаш 1000 кг парниктік шығарындылардың орнын толтыратынын, бұл планетамыздың жасыл өкпесі екенін атап өтті.

«Әрбір қазақстандық отбасында ағаш отырғызу дәстүрі жақсылық пен өркендеудің символына айналсын. Қоршаған ортаны жақсы көріңіз, қорғаңыз және мұқият болыңыз», – деді З.Сүлейменова.

Айта кетейік, экологиялық мәдениетті дамыту мен туған өлкенің табиғатын аялауға негізделген челлендж аясында ел бойынша 187 мың көшет,150 мың гүл егілді. Іс-шараға 9, 10 және 11 сыныптардан 750 мыңға жуық оқушы қатысты. Челленджге атсалысқан 25 мыңға жуык педагог жас ұрпақты еңбекқорлыққа баулып, оларға үлгі көрсетті.

Экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өтті.