Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында сұрақ-жауап форматында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың өңір тұрғындарымен кездесуі өтті.

Сұрақтар негізінен экологиялық мәселелерге, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға, кәріз және тазарту қондырғыларына, жануарлар дүниесін, су және орман шаруашылығын сақтауға қатысты болды.

Шығыс Қазақстан облысы өнеркәсіптік кәсіпорындардан атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі бойынша жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Республика бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі биылғы жылдың I-тоқсанында шамамен 400 мың тоннаны құрады, оның ішінде ШҚО-да 13 мың тонна келеді, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда жартысына жуығы (28 мың тонна). Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілгені анық.

ШҚО экологиялық проблемаларын шешу бойыншаЖол картасы іске асырылуда, онда 35 іс-шара көзделген, оның 3-і орындалды.

Қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері және оларды басқарудың әлсіз инфрақұрылымы, ҚТҚ полигондарының қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсатетілмеген полигондардың өсуі және кәріз-тазарту құрылыстарының жоғары тозуы немесе олардың болмауы өзекті болып қала береді.

Мәселен, өткен жылы космомониторинг аясында өңірде 241 қоқыс үйіндісі анықталды, оның 79%-ы жойылды. Бұл жұмыс тұрақты бақылауда.

Су шаруашылығы саласында су басу қаупін азайту және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуүшін инфрақұрылымды салу және реконструкциялау, сондай-ақ су аруарналарын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2017-2021 жылдар аралығында 16 авариялық су қоймасы жөнделді. Шығыс Қазақстан облысында 2023 жылдың соңына дейін Зайсан ауданындағы Үйден су қоймасын және Тарбағатай ауданының Қарғыба өзеніндегі бөгет суын қайта жаңарту көзделген.

Орман шаруашылығы саласында мемлекет Басшысының 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын іске асыру шеңберінде жоспарды іске асырудың екі жылында 6,1 млн. ағаш көлемінде 1300 га алқапқа орман дақылдарын отырғызу жүргізілді.

Биыл ШҚО-да 1,5 мың га алқапқа 8 млн.дана ағаш отырғызу жоспарлануда. Биылғы көктемгі орман отырғызу жұмыстары басталғаннан бері 40 га алқапқа 196 мың дана ағаш отырғызылды (11 мамырдағы жағдай бойынша).

Іс-шара соңында З.Сүлейменова жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп және азаматтарды жеке қабылдады.