Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға қатысып, азаматтық қорғау қызметтерінің табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюына баға берді.
Оқу-жаттығулар Глубокое ауданының Черемшанка ауылында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың басшылығымен орман аймағында өтті.
Іс-шараға ШҚО ТЖД күштері, орман шаруашылығы мен табиғи қорықтың, ҚР Ұлттық ұланының №5518 әскери бөлімінің, “Қазавиаорман қорғау” бөлімшелерінің, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, еріктілер қатысты. Барлығы 51 бірлік техника және 190 адам, “МИ-8” тікұшағы.
Аңыз бойынша, “Черемшанск орман шаруашылығы” КММ аумағында құрғақ найзағай разрядының нәтижесінде орманды дала аумағы өртенді. От тез таралып, алапат өртке айналды. Жағдайды 12-14 м/с жел және 5 өрт қаупінің ең жоғары санаты қиындатты. Оқиға орнына келген “Черемшанск орман шаруашылығының” қызметкерлері барлау жүргізіп, жақын маңдағы ауылға қауіп төніп тұрғанын анықтады. Төтенше жағдай аймағына күштер мен құралдар топтарының шеруі дереу жүзеге асырылады.
Қауіпсіздік мақсатында жергілікті атқарушы органдар кент тұрғындарын “Вахта” автомобильдерімен эвакуациялауды ұйымдастырды. Өртті сөндіру басшысы жергілікті өрт сөндіру штабын ұйымдастырады және 5 өрт сөндіру учаскесін анықтады. 6 орман шаруашылығы мен табиғи қорықтың қызметкерлері өрттің таралуынан қорғайтын және сонымен бірге өрттің шебін сөндіретін минералданған жолақ салады. ШҚО ТЖД “Өрт сөндіру қызметінің” және ҚР Ұлттық ұланының № 5518 әскери бөлімінің қызметкерлері автоцистерналардың, аспалы орман өрт сөндіргіштердің көмегімен отпен күреседі. Жедел көмек алу үшін “Қазавиаорманқорғау” РМҚК Ми-8 тікұшағы су төгетін құрылғысы бар және әуеден отты сөндіруді жүзеге асырады. Десантталған бөлімшелер орман дақылдарына өрттің алдын алу мақсатында, аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен отқа қарсы тұрады.
Глубокое ауданының Жастар ресурстық орталығы КММ еріктілері өртті сөндіруге қатысушыларды тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етеді.
ҚР ТЖМ “Апаттар медицинасы орталығы” ШҚ филиалының дәрігерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша 2 мобильді госпиталь ашты.
Қиын және көп сағаттық отпен күрес, құтқарушылардың, орманшылардың, әскери және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігері 150 гектар жерде өртті толығымен тоқтатуға мүмкіндік берді.
Мұндай оқу-жаттығулар ірі табиғи өрттер кезіндегі іс-қимылдарды жетілдіру үшін қажет. Өткізудің барлық шарттары нақты жағдайға жақын. Жаттығу ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО бөлімшелерінің табиғи өрттердің туындауына дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Күштер мен құралдардың өсуі қалыптасқан жағдайға сәйкес және күштер мен құралдарды тарту жоспарларына сәйкес жүрді.
Осындай ауқымды жаттығуды өткізу азаматтық қорғау жеке құрамы мен құтқарушыларға, авиаорман қорғаушыларға, орманшыларға елді мекендерге төнген қауіп – қатерді ескере отырып, орман және дала өрттерін сөндіруде өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.