«Семей орманы» резерватындағы өртке қатысты ақпарат

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2023 жылғы 8 маусым күні “Семей орманы” МОТР” РММ Батпай орманшылығының аумағында орман өрті орын алды. Екпінді желдің әсерінен үлкен алаңға таралды.

Өртті жою мақсатында жедел штаб ұйымдастырылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 662 адам, 177 бірлік техника және 6 тікұшақ жұмылдырылды. Авиациялық техникамен 80 рет, жалпы көлемі 192 тонна су төгілді.

Қазіргі уақытта орманшылықтың үш қызметкерінің денелері табылды, ал он бір адаммен байланыс жоқ. Оларды іздеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 30 мың га құрайды, алдын-ала себебі – найзағай разряды.