«Бекіре-2023» акциясының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

ҚР Президенті 2022 жылғы 7 қарашада Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Каспий теңізіндегі заңсыз балық аулаудың жолын кесу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау үшін ағымдағы жылдың 1 наурызында ішкі істер министрлігімен бірлесіп Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында браконьерлікке қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

2023 жылғы 27 наурызда экология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрліктері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін қорғау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

  • Акция басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасының 972 бұзушылығын анықтап, жолын кесті. Нәтижесінде 669 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
  • Сонымен қатар, сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар балық түрлеріне заңсыз браконьерлік фактілер бойынша 36 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 15,7 млн. теңге айыппұл салынды.
  • Заңсыз айналымнан 68 тонна 300 кг балық, оның ішінде 1001 кг бекіре, 29,5 кг бекіре балығының уылдырығы, 295 бірлік балық аулау құралдары, 76 бірлік су көлігі және 13 автокөлік тәркіленді.
  • Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті тыралдау нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 74 км-ден асатын 743 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды,- деп атап өтті А. Бахиянов.

Акция барысында Атырау облысының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен Исатай, Жылыой және Құрманғазы аудандары, Дамба бағыты, сондай-ақ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының су айдындары сияқты ең криминогенді учаскелер пысықталды.

Сонымен қатар, акцияға Шекара қызметінің, көліктік бақылау инспекциясының және резерваттың әскери қызметшілері белсенді қатысты.

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2023» бірлескен кең ауқымды балық қорғау акциясы сәтті аяқталды, акцияны өткізудің түпкі нәтижесі бекіре және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашу мерзімінің қолайлы өтуі.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларын материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылы 12 бірлік автокөлік және 6 жүзу құралы, сондай-ақ далалық жағдайларда рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін 60 планшет және 40 термопринтер сатып алынды.

Облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларын материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрі нығайтуға 2023 жылы республикалық бюджеттен 1,9 млрд.теңге бөлінді.

Мәселен, ағымдағы жылдың соңына дейін жүзу құралдарын, қайық моторларын, нысанды киім-кешектерді, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды тіркеуге және ресімдеуге арналған арнайы жабдықтарды сатып алу жоспарлануда.