“Семей орманы”резерватының аумағында өрт шықты

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Орман өрті 4 тамыз күні сағат 14:39-да Долон филиалы Байдаулет орманшылығының 7,8 кварталында анықталды.

Оны сөндіруге 66 адам (36 орман күзеті, 30 ТЖД қызметкерлері) және 24 бірлік техника, оның ішінде 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Өрттің болжамды ауданы 27 га құрайды. Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтатылды, толықтай сөндіру жұмыстары жалғасуда.