Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің тең төрағасымен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Энергетика, экология және мұнай-газ саласы мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобының тең төрағасымен Фруде Юнеспен кездесті.

Министр өз сөзінде қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы іске асырылып жатқан жобаларға қосқан үлесі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында 2023-2024 жылдарға арналған Энергетика, экология және мұнай-газ саласы мәселелері бойынша бірлескен жұмыс тобының жұмыс жоспарын келісу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен отырысқа дайындық мәселелеріне толығырақ тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы сындарлы және жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.