Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Министр Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Йоахим Фрицпен кездесу өтті.
Министр GIZ-пен экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қалыптасқан ынтымақтастықты оң атап өтті.
Сондай-ақ, Министр «Климаттың өзгеруіне төзімді экономикалық даму саясатын әзірлеу жөніндегі ұсынымдар», «Қазақстанның жеке секторында көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыруды қолдау», «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы», «Орталық өңірдегі климаттық тәуекелдерді басқару» және «Климаттың өзгеруін ескере отырып, жерді интеграцияланған пайдалану» жаһандық бағдарламасы сияқты бірлескен жобаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамына алғысын білдірді.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап орман шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар жаңа бастамаларды атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ағымдағы жобаларды іске асыру және ҚР ЭЫДҰ мен GIZ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.