Электр қуаттағыш станция инфрақұрылымын дамыту

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай және «White Rose» түрік компаниясының Басқарма Төрағасы Musa Akqul өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжаттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында электр қуаттағыш станцияларының инфрақұрылымын дамыту және өндірісті оқшаулау мәселелерінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту.

Кездесу соңында Ержан Сәрсенбай мен Musa Akqul жасыл технологиялар және электр қуаттағыш станцияларын дамыту саласындағы бірлескен жобаларға жоғары қызығушылық танытты.