2022 жылға арналған Қоршаған ортасының жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндамасы жарияланды

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет ресурсында http://ecogeo.gov.kz/ru және Бірыңғай экологиялық Интернет ресурста https://ecogosfond.kz 2022 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманың қазақ және орыс тілдеріндегі электронды нұсқасы жарияланды.
Ұлттық баяндаманы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 23-бабының негізінде өңірлердегі және тұтастай елдегі нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету мақсатында дайындалды.
Ұлттық баяндама үшін материалдарды жүйелеу мен өңдеуді ҚР ЭТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК орындады.
Ұлттық баяндаманың қағаз нұсқасымен Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорынан танысуға болады.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға, «Қазгидромет» РМК-ға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына Ұлттық баяндамамен жұмыс істеу процесінде ұсынылған материалдар мен консультациялар үшін алғысын білдіреді және одан әрі серіктестікке үміттенеді.