«Климат саласындағы іс-қимылдарды біріктіру: халықаралық технологиялар мен инновацияларға шақыру» жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев «Климат саласындағы іс-қимылдарды біріктіру: халықаралық технологиялар мен инновацияларға шақыру» жоғары деңгейдегі Министрлік дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шара COP28 алаңдарында БҰҰ РКИК технологиялық механизмімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

Аталған іс-шарада тараптар технологиялар мен инновациялардың аса маңызды ынталандырушы рөлін мойындай отырып, технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін нақты іс-қимылдар қабылдауға шақырды.

БҰҰ ӨҮК технологиялық тетігі жұмысының бірінші бірлескен бағдарламасы (2023-2027 жылдар) мемлекеттік және жеке секторларды біріктіруге бағытталған және дамушы елдерді қолдайды.

Қазақстан Республикасы технологияларды әзірлеу және беру саласындағы жаңа әлеуетті әріптестіктерді нығайтуға және ашуға мүдделі.