Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне келді.
Сапар барысында Министр экологиялық және тексеру зертханаларына, Гидрометорталыққа барып, қызметкерлердің еңбек жағдайларымен танысты, Қазгидромет мамандарымен саланың проблемалық мәселелерін, қызметті іске асыру жөніндегі ағымдағы жоспарларды, кәсіпорынды жаңғырту және жарақтандыру мәселелерін шешу жолдарын талқылады, сондай-ақ 2023 жылғы жұмыс қорытындылары туралы баяндаманы тыңдады.
Министр өз сөзінде гидрометеорологиялық қызметтің экологиялық және климаттық мониторинг жұмысына қосқан ерекше үлесін, сондай-ақ климаттың өзгеруіне және қоршаған ортаны сақтауға байланысты зерттеулер мен ғылыми жобаларға тұрақты қатысуын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Министр министрлік пен Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі арасындағы ақпарат алмасу және болжамдық және гидрометеорологиялық ақпаратты уақтылы ұсыну саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.