Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруі және орман шаруашылығы саласындағы перспективалы жобаларды талқылады. Кездесу соңында декарбонизация және бірлескен жасыл жобаларды пысықтау жөніндегі жоспарларды одан әрі іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.