Климаттың өзгеруі саласындағы жобаларды талқылау

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Қазақстан бойынша Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің директоры, басшысы Х. Өзханмен кездесуінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясына және климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының Ұлттық үлесін жаңартуға жол картасын дайындаудың ағымдағы мәртебесі талқыланды.

Тараптар жаһандық метан міндеттемесін, корпоративтік сектор үшін жоғары Климаттық әсер ету бағдарламасын іске асыруда ЕҚДБ-ны қолдауға, ESG-аспектілерін қазақстандық инвестициялау практикасына интеграциялау үшін ұсынымдар әзірлеу жөніндегі техникалық ынтымақтастық жобасы бойынша, Қазақстанның көміртегі нарығын стратегиялық дамыту саясатын әзірлеу жөніндегі техникалық ынтымақтастық жобасы бойынша ағымдағы мәртебе туралы толығырақ тоқталды.

Қазақстан бойынша ЕҚДБ басшысы Х. Өзхан министрге ЕҚДБ – жасыл қалалар – БҚФ қаржыландыру бағдарламаларын іске асырудың ағымдағы мәртебесі туралы толық ақпарат берді. Бұл бағдарлама қалаларды анықтау, салыстыру, басым бағыттарды белгілеу және «Жасыл қалаларды» дамыту жөніндегі шараларға инвестициялау үшін құрылған.