Қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. П. Эгидиюс Навикаспен кездесті.

Кездесу барысында Тараптар қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының алдағы 14-ші отырысын өткізу туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, Литва тарапы сусындар бөтелкелері үшін депозиттерді қайтарудың (Deposite Refund System) нәтижелі технологиясын ұсынды.

Е.Нысанбаев өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан Экология және қоршаған ортаны қорғау саласында, атап айтқанда қалдықтарды басқару саласында озық тәжірибесі бар Литвамен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті бағыттардың бірі коммуналдық қалдықтарды басқару болып табылады. 2030 жылға дейін қазақстандық тарап қайта өңдеу деңгейін 40% – ға дейін жеткізуді жоспарлайды.

Осыған байланысты, Париж келісімі шеңберінде, оның ішінде қалдықтар секторы бойынша шығарындыларды азайту жөніндегі Қазақстан міндеттемелерін ескере отырып, біз Литваның қалдықтарды басқару жүйесін жолға қою, атап айтқанда депозиттік-қайтару жүйесін дамыту жөніндегі тәжірибесін зерделеуге мүдделіміз.

Министр комиссия отырысы барысында Тарапдартың сарапшылары қалдықтарды басқару саласындағы жоғарыда аталған тәжірибені талқылай алатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар литвалық сарапшылардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және мүдделі тараптардың кездесулерін өткізу арқылы осы мәселе бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.