«Жасыл Орталық Азия» бастамасын талқылау

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің Статс-хатшысы, халықаралық Климаттық саясат жөніндегі арнайы өкілі Дженнифер Морганмен кездесті.

Кездесудің басында вице-министр Германияның Қазақстанға климаттың өзгеруіне қарсы күресте көрсеткен тұрақты қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

М. Ошурбаев атап өткендей, СОР-28 алаңында Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстандық делегация әлемдік Көшбасшылар саммитіне, сондай-ақ келіссөздер процестеріне қатысты. Қазақстан БҰҰ СОР-28 мақсаттарын ілгерілетуге ұмтылады және Париж келісімі шеңберінде елдің міндеттемелерін орындауға тырысады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан G7 бастамасына қосылды және бұл мәселенің өзектілігін сезіне отырып, неғұрлым тұрақты, төмен көміртекті экономикаға көшуді жеделдету үшін Германиямен және G7-нің басқа мүшелерімен ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылады.

«Жасыл Орталық Азия» бастамасының Қазақстан үшін маңызы зор, өйткені ол су тапшылығы, ормандарды кесу, шөлейттену, климаттың өзгеруінің салдары және ОА-да орнықты дамуға жәрдемдесу сияқты экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған.

М. Ошурбаев климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі өңірлік стратегияны әзірлеуге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, оның мақсаты климаттың өзгеруінің теріс салдарын еңсеру және бейімделу шараларын іске асыру үшін ОА елдерінің өзара іс-қимыл тетігі болып табылады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және мүдделі тараптармен бірлесіп 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленіп жатқанын атап өтеміз. Қазақстанға стратегияны іске асыру үшін институционалдық және техникалық әлеуетті жетілдіру үшін нақты шаралар әзірлеу және қажетті экономикалық талдау жүргізу, жекелеген салаларда төмен көміртекті бизнесті модельдеу бойынша қолдау қажет.

Тараптар Шығыс әріптестік және Орталық Азия (Felicity II) бағдарламасы бойынша бірлескен жұмысты атап өтті, оның шеңберінде ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарға (ОНУВ) қол жеткізуге және сутегі мен ЖЭК өндірісінің рөлін түсінуге назар аудара отырып, ҚР энергия жүйесін кешенді модельдеу және талдау үшін техникалық көмек көрсетуді де атап өтті.

Қазақстан ОНУВ-ны, әсіресе жасыл сутекті өндіру бөлігінде әзірлеу мен модельдеуде қолдауға мұқтаж.

Сонымен қатар, «Орталық Азиядағы климаттық тәуекелдерді басқару» бағдарламасын іске асыру басталды, оның негізгі мақсаты ОА-ның бес елінде климаттық тәуекелдерді трансшекаралық басқаруды жақсарту болып табылады.

Ел үшін жан-жақты және нақты климаттық деректер мен ақпараттық жүйелерді құру қажет. Климаттық модельдер, экстремалды ауа-райы және табиғи апаттар туралы сенімді деректер тәуекелдерді тиімді басқару және негізделген шешімдер қабылдау үшін өте маңызды.

Сонымен қатар, Жасыл Орталық Азия бастамасы аясында Германияның ғылыми ұйымдары мен мамандарын тарту мүмкіндіктері қарастырылады:

1) өңір үшін ассимиляциямен ауа райы мен климат болжамының (оның ішінде ғылымастинг) сандық моделін әзірлеу және енгізу;

2) экономика салаларына Климаттық қызмет көрсетудің үздік тәжірибелерін енгізу;

3) Қазақстанның бүкіл аумағы үшін құрғақшылықты (құрғақ аймақтардың ошақтарын) мониторингілеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын дамыту үшін спутниктік деректер негізінде жедел ақпараттық портал құру;

4) одан әрі калибрлеуді жүргізу, SWIM, modsnow сияқты қолда бар сандық гидрологиялық модельдерді көбірек өзендер үшін бейімдеу және т. б.

Неміс тарапының ең үздік қолжетімді техникалар (ҮҚТ) бағыты бойынша табысты тәжірибесін ескере отырып, қазақстандық тарап бірлескен зерттеулер жүргізуге мүдделі, сондай-ақдт анықтамалықтарын әзірлеу үшін консультациялық және әдіснамалық қолдау бөлігінде қажеттілік бар.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Президенті БҰҰ қамқорлығымен 2026 жылы Орталық Азияның өңірлік Климаттық саммитін өткізуді ұсынды. Саммит ОА елдері үшін климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі бірлескен тәсілдер мен нақты тетіктерді әзірлеуге бағытталған өңірлік ынтымақтастық процесінің қорытындысы болады деп ойлаймыз. Біз осы іс-шараны ұйымдастыру және сәтті өткізу мақсатында өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз.

Бұдан басқа, Климаттық саммит шеңберінде біз Алматы қаласында климат мәселелері бойынша ОА елдері үшін жобалық кеңсе құруды жоспарлап отырмыз, ол өңірдегі климат саласындағы жобаларды іске асыру үшін үйлестіру орталығы бола алады. Техникалық білімі, қаржылық ресурстары және тұрақты даму саласындағы тәжірибесі бар Германия осы жобалық кеңсені құру мен қолдауда жетекші рөл атқару үшін бірегей мүмкіндіктерге ие.