Кәдеге жарату төлемдері есебінен қалдықтарды басқару саласындағы мамандандырылған кәсіпорындарға төлемдерді іске қосу бойынша техникалық кеңес

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2024 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп, кәдеге жарату төлемдері есебінен қалдықтарды басқару саласындағы мамандандырылған кәсіпорындарға төлемдерді іске қосу бойынша онлайн форматта техникалық кеңес өткізді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (EcoQolday) жұмысы айқын көрсетілді, ол арқылы қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін ақшалай төлемдерді (субсидиялауды) растау және жүзеге асыру процестері жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, тиісті өтінімдерді беру бойынша процестер талқыланды.

Кеңеске 200 (екі жүз) астам қатысушылар, соның ішінде қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын және жүзеге асыруға ниетті кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері, сондай-ақ әкімдіктер мен салалық қауымдастықтар өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 332 бұйрығымен Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілерден және импорттаушылардан келіп түскен ақшаны оның банктік шотына жіберу қағидалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1250 қаулысымен Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерлері  бекітілгенін атап өтеміз.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (EcoQolday) тіркеу ағымдағы жылдың 5 ақпанында басталады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 62-06-60, 8-775-437-82-01 телефондары  арқылы хабарласуға болады («Жасыл даму» АҚ Қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаменті).