ШЫҰ мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты министрліктері мен ведомстволары сарапшылары отырысының қорытындылары

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Ағымдағы жылы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында видеоконференциялық байланыс форматында қазақстандық тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты министрліктері мен ведомстволары сарапшыларының отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы 2023 жылдың шілде айынан бастап өзіне ШЫҰ-да төрғалалықты алғанын атап өту қажет.

Отырыс барысында мынадай құжаттардың жобалары талқыланды: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бірлескен тәсілдері, 2025-2027 жылдардағы кезеңге арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, 2024-2026 жылдарға арналған ШЫҰ «жасыл белдеу» бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары және ШЫҰ мүше мемлекеттерінің басшылары кеңесінің қалдықтарды тиімді басқару туралы мәлімдемесі.

Бұдан басқа, отырыс барысында қазақстандық тарап ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын келісу аяқталғаны туралы хабарлады және тараптарға Келісімнің жобасын келісу бойынша мемлекетішілік рәсімдерді бастауға өтініш білдірді.

Сондай-ақ іс-шара барысында қазақстандық тарап 2024 жылы 28 ақпанда Найроби қаласында БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының 5-ші сессиясы шеңберінде өткізілуі жоспарланған «Бір планета, бір болашақ: экологиялық тұрақтылық үшін күштерді біріктіру» ШЫҰ-БҰҰ Арнайы іс-шарасына дайындық барысы туралы ақпараттандырды.

ШЫҰ мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты министрліктері мен ведомстволары сарапшыларының қорытындылары бойынша кездесудің хаттамасына қол қойылды.