Экология мәселелері бойынша АӨСШК министрлік конференциясына дайындық

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев АӨСШК Бас хатшысы Қ. Сарыбаймен 2024 жылы Экология мәселелері бойынша АӨСШК министрлік конференциясына дайындық туралы әңгімелесті.

Е. Нысанбаев атап өткендей, 2024 жылдың тамыз айында Астана қаласында экология мәселелері бойынша АӨСШК Министрлік конференциясын өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы министрлік конференциясы Тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, оны талқылау бойынша Ұйымға мүше мемлекеттердің сарапшылар деңгейінде жұмыс тобының 3 отырысы өткізілді.

Конференцияның бірлескен мәлімдемесінің жобасы әзірленді, ол осы іс-шараның қорытындысы бойынша қабылданады, оны жұмыс тобының отырысында сарапшылар деңгейінде талқылау жоспарлануда.

Әңгімелесу барысында тараптар Ұйымның көптеген қатысушы елдері бар екенін және осы құжаттарды келісу кезінде көптеген пікірлер туындауы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан конференцияға дейін бірнеше отырыс өткізу қажет.

Тараптар конференцияны тиісті деңгейде өткізу мақсатында қажетті рәсімдерді өткізу үшін АӨСШК Хатшылығымен сараптамалық көмек көрсету туралы уағдаласты.