ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Digital Алматы 2024 халықаралық цифрлық форумына қатысты

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2024 жылғы 1-3 ақпаннан бастап Алматы қаласында «Digital Almaty-2024»: «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» VI цифрлық форумы өтті.

Digital Almaty биыл Govtech, 4.0 Индустриясы, ESG, Smart City және басқа салалардағы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және инновациялық шешімдер тақырыптарын ашты.

2024 жылғы 2 ақпанда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Сайынұлы Құрмалаев осы форум аясында ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына «Болашақ индустриясы» шеңберінде экологиялық тұрақтылыққа ұмтылысты бейнелейтін «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» (ҰБД) платформасын ұсынды.

Құрмалаев Н.С. форум қатысушыларына ҰБД негізгі функционалдық мүмкіндіктерін келесі компоненттер бойынша көрсетті:

– Табиғат пайдаланушылардың мониторингінің автоматтандырылған жүйесі (МАЖ)

– Интерактивті карта (ИК).

МАЖ қоршаған ортаға эмиссия шығарындылары туралы деректерді жинау, бақылау және талдау мақсатында әзірленген. Жүйе өзгерістерге тез жауап беруге және ықтимал экологиялық тәуекелдерді азайтуға көмектесетін нақты уақыттағы аналитиканы ұсынады.

ИК географиялық контекстке байланысты экологиялық жүйе мен ресурстар туралы ақпаратты ұсынады, осылайша қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың тұтас ақпаратына бірыңғай қол жетімділікті қамтамасыз етеді.