Сингапур технологиялық институты (SIT) Президентінің кеңесшісі, инженерия профессорымен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Сингапур технологиялық институтының (SIT) инженерия профессоры Яакоб Ибрагим мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министр Қазақстан Сингапурды стратегиялық серіктес ретінде жоғары бағалайтынын атап өтіп, Париж келісімінің 6-бабының механизмдері шеңберінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

«СОР-28 қорытындысы бойынша Қазақстан алдына Сингапур сияқты озық елдермен ынтымақтастықты жолға қою жөнінде міндеттер қояды. Осыған байланысты біз көміртегі механизмі бойынша одан әрі кооперация үшін сіздің еліңізге сапар ұйымдастыруға ниеттіміз», – деп атап өтті Е.Нысанбаев.