Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Ағымдағы жылғы 11-17 ақпан аралығында Самарқанд қаласында Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Конвенция (Бонн конвенциясы) тараптарының 14 кездесуі (COP 14) өтуде. Қатысушы елдер мен халықаралық ұйымдардың 1 700 мың делегаттары қоныс аударатын жабайы жануарларды сақтау міндеттемелері бойынша мәселені талқылайды және тиісті шешімдер қабылдайды. Конвенцияға Қазақстан 2005 жылы қосылды. Бұл кездесуде еліміздің ұлттық делегациясы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің басқаруымен қатысып жатыр. Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі және Конвенция Хатшылығы қабылдаушы тарап болып табылады.
11 ақпанда СОР 14 алаңында қар барысы мен экожүйені қорғау жөніндегі жаһандық бағдарламаның Басқарушы комитетінің (GSLEP) сегізінші кездесуі өтті.
Өзбекстанның Экология министрі және ЮНЕП Бас хатшысы кездесуді ашты. Вице-министр Нұркен Шәрбиев Қазақстандағы қар барысын сақтау және оның Қазақстандағы мекендейтін жерлерін зерттеу бойынша жетістіктер туралы хабарлады. Ұлттық қоғамдық және ғылыми институттардың заманға сай технологияларды пайдалана отырып, бұл жануарлар түрін мониторингілеу жөніндегі жұмыстары баяндалды.
Бұндай жоғары деңгейдегі іс-шарада жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау үшін Орталық Азия елдерінің трансшекаралық ынтымақтастығына арналған панельдік сессия ұйымдастырылды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев онлайн қатысып, қатысушыларды ашылуымен құттықтады. Ол Қазақстанның жануарлардың қоныс аударатын түрлерін зерттеу мен сақтаудағы шараларды күшейту ниеттерін атап өтті. Көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдерімен киік, қар барысы және басқа да негізгі түрлерді сақтау бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірді.
Вице-министр Нұркен Шәрбиев Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған панельдік талқылауға қатысты, онда жабайы сүтқоректілердің еркін қоныс аударуын қамтамасыз ету, трансшекаралық қорғалатын аумақтар желісін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде мекендейтін жануарлар дүниесін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл Меморандумның мақсаты осы елдер аймағында қоныс аударып жүретін қарақұйрық, азиялық леопард, жабайы арқар, құлан және т.б. жануарлардың сүтқоректілерінің негізгі түрлерін сақтау бойынша трансшекаралық ынтымақтастық орнату болып табылады.
Министрліктің кездесу алаңында Қазақстан Өзбекстанмен және Қырғызстанмен бірге Африка мен Еуразияда қоныс аударатын жыртқыш құстарды сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қосылды. Меморандум Конвенцияның шеңберінде қолданылатын болады. Бұл Меморандумға Еуразия мен Африка өңірлерінің 60-тан астам елдері қол қойды.