Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/728148?lang=kk

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында өңір тұрғындарымен кездесу барысында іс-шараға қатысушылардың толғандыратын сұрақтарына жауап берді.

Қойылған сұрақтар негізінен экологияға, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге және орал киік популяциясының санын реттеуге қатысты болды.

Айта кетейік, ақбөкендердің санын реттеу бойынша іс-шаралар 2023 жылдың қазан айынан басталды.

Ведомство басшысы барлық қойылған сұрақтарға жауап беріп, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.