Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі метан жөніндегі жаһандық форумның пленарлық отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/731930?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі БҰҰ ЕЭК сарапшылар тобының шахталық метан және әділ өту жөніндегі 19-шы сессиясына арналған Метан жөніндегі жаһандық форумның пленарлық отырысына қатысты.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев «Үкімет метанға қарсы іс-қимылды жұмылдыру үшін аса маңызды қозғаушы күш ретінде» тақырыбындағы пленарлық отырыстың негізгі сессиясында сөз сөйледі. Ол Қазақстанның метан шығарындыларын азайту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы атап өтті.

Осы пленарлық отырысқа БҰҰ ЕЭК Хатшылығы, АҚШ Президенті Әкімшілігі, Еуропалық Одақ, Халықаралық энергетикалық агенттігі (ХЭА), ДМҰ, ДДҰ өкілдері және озық елдердің жоғары деңгейдегі басқа да қатысушылары қатысты.

Сонымен қатар, пленарлық отырыс аясында Ж.Әлиев Орталық Азия мен Кавказ бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында Ж.Әлиев Қазақстандағы метан шығарындыларының мониторингі бойынша ағымдағы жағдай және олардың салдарын жеңілдету шаралары туралы айтып берді.

Өз кезегінде ірі халықаралық ұйымдар Метан жөніндегі жаһандық міндеттеме шеңберінде метан шығарындыларымен күресу бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.