Халықаралық қаржы корпорациясымен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2024 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде қалдықтарды басқару бойынша МЖӘ жобаларының жаңа және басым бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) Қазақстандағы метан шығарындыларын азайту мәселесін көтерді. Өз кезегінде корпорация заңнамалық базаны әзірлеуге және метан шығарындыларын азайту бойынша жол картасын әзірлеуге көмек көрсетуге дайын.