Республика аумағында «Көктемгі гүлдерді қорғау» бойынша іс-шаралар өтуде

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/747749?lang=kk

Көктем мезгілінің келуі мен табиғаттың гүлденуі басталды. Алғашқы  көктем гүлдері жаппай гүлдеуде, соның ішінде: Алатау бәйшешегі, Колпаковский гүлжаханы, кәдімгі көктем гүлі тағы басқа гүлдері өзінің керемет әсемдігімен  өзіне тартады.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы да өзінің көктемгі әсем бейнесімен ерекшеленуде, қорық өсімдіктер дүниесіне бай.

Соңғы деректер бойынша қорық флорасы 1737 түрлі өсімдіктер дүниесін құрайды.

Қазақстан флорасының  23 % құрайтын жоғары сатылы өсімдіктердің 1312 түрі. Соның ішіндегі эндемиктер – 177, реликтер- 20 – дан астам, оның 48 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.