Ұлттық ағаш отырғызу күні

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/754913?lang=kk

2024 жылдың  19 сәуірі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының шеңберінде «Ұлттық ағаш отырғызу күні » мен Үржар ауданының әкімдігінің қызметкерлері ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акцияларының аясында ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау мақсатында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.

 Ағаш отырғызу күніне орай Ұлттық парктің демеушілігімен 500 дана ағаш көшеттері Үржар ауылының «Болашақ саябағы», «Орталық алаң» және «Орталық аурухананың» маңына отырғызылды.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, орманды жаңғырту идеясын қолдауға жұртшылықтың назарын аудару.

Табиғат сұлулығы мен таза ауаның кілті – ағаштар. Осы тұрғыдан алғанда, аталмыш шараның ұйымдастырылуы аймақтағы экологияны одан әрі жақсартуға, елді-мекендерді көгалдандыруға ықпал етеді.

Барлық қатысушылардың саны – 1200 адам.