Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/762444?lang=kk
2024 жылдың 30 сәуірінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың төрағалығымен Таяу Шығыс, Түркия, Орталық Азия, Ауғанстан және Пәкістан бойынша халықаралық қаржы корпорациясының Вице-президенті Хела Шейхрухумен кездесу өтті.
Кездесуге ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы мен Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі, Қазэнерджи және Экожер сияқты қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында метан шығарындыларын азайту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Экология министрі метан бойынша Жаһандық міндеттеме шеңберінде мәлімделген мақсаттарға қол жеткізуде барлық мүдделі тараптардың маңызды рөлін атап өтті.
Қазақстандық қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері метан шығарындыларын азайтуға және декарбонизациялауға қосқан үлесі туралы айтты.
Атап айтқанда, барлық тараптардың жүргізіліп жатқан жұмыстары атап өтілді. Мысалы, бұл Қазмұнайгаз, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг, NCOC және т. б. компаниялардың метан шығарындылары (OGMP 2.0) есептілігі бойынша серіктестікке кіруін жатқызуға болады.
Сонымен қатар, мұнай-газ саласының өкілдері өздерінің еншілес ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін метан шығарындыларын азайту бойынша өз жобаларын таныстырды.
Айта кету керек, Экожер қауымдастығы экономиканың барлық секторларына назар аудару бөлігінде пәрменді шаралар ұсынды.
Жалпы, табысты келіссөздердің қорытындысы бойынша ынтымақтастықты нығайту бойынша одан әрі қадамдар белгіленді. Өз тарапынан Халықараық қаржы корпорациясы (IFC) мұнай-газ секторында метан шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.