Астанада қазақ тазы тұқымды иттерді тану бойынша Халықаралық көрме өтті

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/779023?lang=kk

Астанада, Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастыруымен иттер көрмесі өтіп, оның аясында арнайы халықаралық комиссия қазақ тазы тұқымының 100-ге жуық түрін зерттеді.

Іс-шараға қатысушылар алдында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде: «Тазы – қазақтың алғашқы ит тұқымы, қазақ халқының мақтанышы, Жеті қазынаның бірі. Қазір қоғам мен мемлекеттің біздің тұқымдарды сақтау және молайту жөніндегі күш-жігерін шоғырландыру, олардың гендік қорын деградация мен метизациядан қорғау және қолдау бойынша шаралар қабылдануда. Қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері заңнамалық деңгейде бекітілді, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды» деп атап өтті.

Зерттеу қорытындысы бойынша комиссия көрмеде халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) бас комитетінің қазақ тазысын халықаралық тану және «Kazakh Tazy» брендін Қазақстанға бекіту туралы жұмыстар жасалып жоспарға алынатыны болады.

Қазақстан Кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали бұл көрме иттердің сұлулығын көрсету ғана емес екенін атап өтті. Бұл қазақ халқы үшін тарихи маңызы бар іс-шара, еліміздің ұлттық мақтанышы мен мәдени мұрасының нышаны-қазақ тазы тұқымын ұлттық қазына және бренд ретінде бекіту және халықаралық тану мүмкіндігі болып табылады.

Қазақтың ит тұқымдарын халықаралық деңгейде тану үшін FCI міндетті талаптарының бірі иттерді зерттеу, олардың шыққан еліндегі тұқымның жай-күйі мен даму перспективаларын зерттеу болып табылады.

Көрмеге қатысу үшін Қазақстан кинологтар одағы әртүрлі жас санаттары мен түстеріндегі 100 итті мұқият іріктеп алды.