Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/823880?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының (бұдан әрі – ОАӨЭО) басшылығымен – атқарушы директор Зафар Махмудовпен, елдік директор Ерлан Жұмабаевпен кездесті.
Министр климаттың өзгеруі саласындағы мәселелерді шешу үшін ОАӨЭО мен ведомство арасындағы белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
ОАӨЭО аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, 2024 жылға арналған елдік іс-шаралар жоспарын ұсынды.
Өз кезегінде, ОАӨЭО СОР-29 дайындау кезінде өзінің қолдауын жариялады.