Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/850671?lang=kk
2024 жылғы 18-19 қыркүйекте Алматы қаласында «Мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасын енгізу» барысына арналған Орталық Азия министрлерінің кеңесі өтті. Іс-шара Халықаралық апаттар қаупін азайту күніне орайластырылған: келесі ұрпаққа тұрақты болашақ үшін мүмкіндіктер беру.
Кеңесте Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын ұсынды, сондай-ақ мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасын енгізу бойынша ұсыныстар жасады.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігінен іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық жоспарлау және ғылыми-техникалық даму басқармасының басшысы А.Түсіпов қатысты.
Орталық Азия елдері жер сілкінісі, техногендік апаттар, су тасқыны, мұздықтардың еруі, төтенше температура, ауа-райының күрт өзгеруі, ыстық толқындар, су тасқыны, сел, құрғақшылық, су тапшылығы, ауаның ластануы, шаңды және құмды дауылдар, соның ішінде табиғи апаттар мен климатқа теріс әсер ететін түрлі қауіптерге тап болады. Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы балалар, отбасылар мен қауымдастықтар үшін көптеген қауіптер айтарлықтай қауіп төндіреді.