Экологиялық мәселелерді шешудегі еріктілердің рөлі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/858282?lang=kk

2024 жылғы 3 қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) волонтерлік қозғалыстар көшбасшылары слеті шеңберінде «Волонтерлердің экологиялық проблемаларды шешуге қосқан үлесі» панельдік сессиясы өтті.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ведомствоның қоршаған ортаны қалпына келтіру және климаттың өзгеру салдарымен күресу жөніндегі жобаларға волонтерларды тартуға бағытталған бастамаларын ұсынды.

Экологиялық акциялардың жетістіктеріне ерекше назар аударылды, атап айтқанда Қызылорда облысындағы «Сыр қорғаны – сексеуіл» жобасы барысында 80 ерікті Арал теңізінің құрғаған табанына 5 мыңнан астам сексеуіл көшеттерін отырғызды, сондай-ақ «World Cleanup Day» ауқымды акциясын бүкіл ел бойынша 160 мыңнан астам адамды біріктірген атап өтті.

Сөз соңында вице-министр экологиялық волонтерлікті дамыту Министрліктің Қазақстанның тұрақты және экологиялық қауіпсіз болашағын қалыптастыру жөніндегі күш-жігерінің маңызды бөлігі болып табылатынын және жастар ұйымдарымен және волонтерлік қозғалыстармен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті.