Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/865554?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Аманат» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында, еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген азаматтардың, ауылдық елді мекендердегі экологиялық нормалардың бұзылуына, су ортасының ластануына, орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге және ауаны тазарту бойынша инновациялық технологияларды қолдануға қатысты мәселелері қаралды.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, министр олардың өтініштері бойынша толық жауап берді.
Бұдан басқа, қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бақылауға алынып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдемдесу туралы тапсырмалар берілді.