Көшерттерді беру

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871456?lang=kk

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ алдағы «Республика күні» ұлттық мерекесі қарсаңында ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау, елімізді көгалдандыру мақсатында алғашқы рет Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне алма, мойыл және ырғай көшеттерін тұрғылықты жері бойынша аулаларында отырғызу үшін берілді.

Бұл игі бастама еліміздің барлық азаматтары үшін елді мекенді көгалдандыру идеясын қолдауға ғана емес, экологиялық білімдерін жетілдіруге назарын аударады деп үміттенеміз.

Туған өлкенің жасылдарын сақтау және молайту барлық қазақстандықтардың парызы болып табылады.

Көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 19 қазанында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Парламенті Аппаратының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері Астана қаласының «Ғашықтар саябағы» аумағында ағаш отырғызуға қатысты.

Аталмыш шара барысында жалпы саны 500 дана ағаш отырғызылды: оның ішінде 150 данадан алма, мойыл, ырғай ағаштары болса, 50 дана тал отырғызылды.

Ағаш отырғызу бұрын білім беру мекемелерінде де болған. Астана қаласында 60 мектепте, 40 балабақшада және 8 жайлы мектепте бір мектепке 25 данадан, балабақшаға 15 дана және жайлы мектептерге 50 көшеттен отырғызылды.

Бүгін Жібек Жолы ауылында ағаш көшеттері, оның ішінде сибирлік алма, дөңгелек жапырақты ырғай және мойыл сияқты 1000 көшет отырғызылды

Бұған дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астанада 3600 ағаш отырғызылған болатын.

Көшеттер «Жасыл аймақ» РМК питомнигінен берілді.