Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/878419
Бүгін Қазақстан Республикасының экология министрі Ерлан Нысанбаевтың Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар өз жұмысын келесі аптадан бастайтын Баку қаласында БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP-29) тараптарының 29-шы конференциясының жұмысына екі елдің қатысуы мәселелерін талқылады.
«Біз жастарды экологиялық жобаларға тарту мәселелеріне маңызды мән береміз және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз.
Осыған байланысты, СОР-29 алаңында «Жастар климаттық өзгерістер жөніндегі іс-қимылдардың басында» сайд-ивентін және эко-лагерьді өткізуге қолдау білдіргім келеді», – деп атап өтті министр өзінің құттықтау сөзінде.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, министр өзбек тарапының өкілдерін ағымдағы жылғы 18 қарашада Баку қаласындағы Қазақстан павильонында өтетін экологиялық бастамалардағы жастардың рөліне арналған алты тақырыптық іс-шараға қатысуға шақырды.
«Біздің ынтымақтастығымыз және сіздің қолдауыңыз барлық мақсаттарға жетуге көмектесетініне сенімдімін», – деп қосты ол.
Сонымен қатар, СОР-29 алаңында «Тұрақты даму мәдениетін ілгерілету және балалар мен жастарды 2024-2030 жылдарға арналған климаттық күн тәртібіне тарту жөніндегі халықаралық стратегияға» қол қойылады деп күтілуде.
Іс-шара соңында тараптар бір-біріне алғыс айтып, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша біздің одан әрі жемісті ынтымақтастығымызға сенім білдірді.