Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/879282
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев «Synergy Consulting Infrastructure and Financial Advisory Inc.» компаниясының өкілдері Анкит Чатурведи мен Бахр Абдукадиров мырзалармен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстан барлық негізгі Халықаралық табиғат қорғау келісімдеріне қосылғаны белгілі.
Мысалы, өткен жылы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясында (СОР28) Мемлекет басшысы Қазақстанның метан бойынша Жаһандық міндеттемелерге қосылуы туралы мәлімдеме жасады.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін 2 млрд. ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
«Ел аумағын ескере отырып, Қазақстанның офсеттік орман жобаларын іске асыру үшін зор әлеуеті бар. Бүгінгі таңда Ақмола облысында жалпы ауданы 14,5 мың гектардан астам көміртекті орманды отырғызу жобасы және Алматы облысында жалпы ауданы 3,5 мың гектар жаңа биоәртүрлі орманды отырғызу жобасы іске асырылуда», – деп атап өтті М. Ошурбаев.
Тараптар сондай-ақ инвесторларды тарта отырып, қалдықтардың түзілуін қысқарту және қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу мәселелерін талқылады.
Қорытындылай келе, вице-министр экологиялық проблемаларды шешуге және баршаның тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.