Жетінші бағалау циклінің климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық тобының төрағасымен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/884795?lang=kk

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі жетінші бағалау циклінің климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық тобының төрағасы Джим Скеамен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында келесі жаһандық қорытындылауға маңызды үлес қосатын жетінші бағалау баяндамасын дайындаудың маңыздылығы, сондай-ақ әдіснамалық есептерді дайындау үшін сарапшылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі атап өтілді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың жұмыс нәтижелері негізінде Үкімет аралық топ жүргізетін климаттың өзгеруін бағалау саясаткерлерге ұтымды, дәлелді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Анықтама ретінде. Үкімет аралық топ – 1988 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) құрған климаттың өзгеруін бағалаудың жетекші органы.