Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885968?lang=kk
Қазақстанның Канада бастамасына қатысуы СОР29-ның екінші аптасында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен қазақстандық делегация өкілдері Канаданың «Көміртекті шығарындыларына баға белгілеудің жаһандық проблемасы және климаттық амбициялар» тақырыбындағы іс-шараға қатысты.
Атап айтқанда, Қазақстан көміртегі шығарындыларына баға белгілеуге және оның дамушы нарықтардағы құндылықтарына қатысты мәселелерді атап өтті.
Бұл жоғары деңгейдегі пікірталасқа Global carbon pricing challenge (GCPC) жаңа және қолданыстағы серіктестері, министрлері мен аға шенеуніктері, сондай-ақ көміртегі бағасын белгілеуге мүдделі әртүрлі елдер қатысты. Жоғары деңгейдегі өкілдер көміртегі бағасының дамушы экономикалардағы рөлін және GCPC көміртегі бағасының қалыптасып келе жатқан саясатын қалай қолдайтынын талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл өткен жылдағы СОР28 қорытындысы бойынша Қазақстан Канаданың GCPC бастамасына қосылды.
Бастама туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша білуге болады https://www.globalcarbonpricingchallenge.org/