Сахалин климаттық эксперименті: нәтижелері мен, Қазақстанның үлесі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887692?lang=kk

21 қарашада СОР29 алаңында «Сахалин климаттық эксперименті: іске асыру нәтижелері және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары» панельдік сессиясы өтті.

Сессия эксперименттің негізгі аспектілерін, соның ішінде декарбонизацияны, табиғи климаттық шешімдерді, көміртекті реттеу механизмдерін және көміртегі бірліктерінің саудасын талқылауға арналды. Тұрақты шешімдерді енгізуге бағытталған халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимыл маңызды екпін болды.

Сессия спикері Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев болды. Өз баяндамасында ол Қазақстанның шығарындылар саудасының ұлттық жүйесінің (ШСЖ) жұмыс істеуі және оның көміртегі ізін азайтуға қосқан үлесі бойынша тәжірибесін ұсынды.