ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет ресурсында http://ecogeo.gov.kz/ru және Бірыңғай экологиялық Интернет ресурста http://ecogosfond.kz 2023 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама жарияланды.

Ұлттық баяндамада жүйеленген аналитикалық ақпарат, оның ішінде динамика бойынша, өңірлердегі және жалпы республикадағы экологиялық және радиациялық ахуал, табиғи ресурстарды пайдалану, экономикалық қызметтің табиғи ресурстарға әсері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары қабылдайтын шаралар туралы ақпарат қамтылған. Баяндамада сондай-ақ республика аумағындағы климаттың өзгеруі жағдайы мен тенденциялары, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қызмет және халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат берілген.

Баяндаманы дайындау барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың ұсынған материалдары пайдаланылды.

Ұлттық баяндама мемлекеттік басқару органдарын, қоғамдық ұйымдар мен халықты қоршаған ортаның жай-күйі, оның өзгеру үрдістері, табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асырудың тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 23-бабының 1-тармағына сәйкес жыл сайын әзірленеді.

Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы  ЭТРМ ҚР.