Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/902514?lang=kk
2024 жылғы 12 желтоқсанда бейнеконференция форматында 2016 жылғы 4қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметіарасындағы Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегікелісімге сәйкес құрылған Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтаужөніндегі Қазақстан-Ресей Комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) төртінші отырысы өтті.
Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Экология және табиғиресурстар вице-министрі Ж.Ш. Әлиев басқарды.
Ресей тарапын Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экологияминистрінің орынбасары С.М. Аноприенко басқарды.
Отырысқа сондай-ақ екі тараптың орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы жәнеөкілді органдарының және жұртшылықтың өкілдері қатысты.
Тараптар Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы туралы ақпаратты тыңдап, қабылдады.
Қазақстан тарапы Ресей тарапын 2025 жылы аяқталуы жоспарланып отырған ғылыми-зерттеу жұмыстары, каналдар мен суландыру жүйелерін реконструкциялау,жағалауды нығайту, түбін тереңдету, тазарту жұмыстары, өзен бассейнін бекіре және тұқы тұқымдас балық шабақтарымен балықтандыру, ормандарды қалпына келтіру, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою және басқа да іс-шаралар туралы хабардаретті.
Ресей тарап, өз кезегінде, 2023 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарының аяқталуы,тазарту қондырғыларын салу және реконструкциялау, өзендердің арналарын, тоғандармен су қоймаларын тазарту, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, суобъектілерін балықтандыру, еріктілерді тарта отырып экологиялық акциялар өткізутуралы хабарлады.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресей аумақтарының трансшекаралықтұстамаларындағы Жайық өзені бассейні суларының сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы мәселе қаралды. Тараптар су сапасының мониторингі жөніндегі іс-шараларды әрбір тарап Жайық өзені бассейнінің трансшекаралық су объектілерімониторингінің 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес толық көлемдеорындайтынын атап өтті.
Тараптар бір-бірін Жайық өзені бассейніндегі жайылмалы ормандарды сақтау жәнеқалпына келтіру және Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтарды сақтау жәнемолықтыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
Тараптар қоғамдық-экологиялық сана мен Жайық трансшекаралық өзенініңбассейніне ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша атқарылғанжұмыстарды жоғары бағалады және Жайық трансшекаралық өзені бассейнініңэкожүйесін сақтау проблемасына назар аудару үшін жас мамандар мен студенттердітарта отырып ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Ресей тарапы 2025 жылы «Жайық бассейніне – таза жағалау және тату көршілік» Қазақстан-Ресей акциясы аясында бірлескен экологиялық іс-шара өткізуді ұсынды.Қазақстандық тарап бұл ұсынысты қолдады.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар бес жылдық кезеңге арналған жаңабағдарламаны әзірлеу және бекіту арқылы Жайық трансшекаралық өзені бассейнініңэкожүйесін сақтау мәселесі бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.