Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/927970?lang=kk
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Министрдің қабылдауына Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының депутаттары және демалыс аймағы туризм қауымдастығының төрағасы келіп, қатысты.
Жеке қабылдауда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, атап айтқанда дамудың бас жоспарының, тарифтерді белгілеудің және т. б. мәселелері көтерілді.
Қабылдау барысында министр келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жеке бақылауына алынды. Айтылған мәселелерді жедел шешу үшін Министрліктің құзыретті комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, Министр азаматтарды жеке қабылдауды өңірлерде де, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйінің 16 кіреберісінде орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да жүргізеді.