Бүгін Самарқандта Ғаламдық экологиялық қордың сегізінші Ассамблеясы аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ОЭС) қоршаған орта министрлерінің алтыншы кездесуі өтті. Аталған іс-шара ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің табиғатты қорғау саласына жауапты ведомстволарының басшыларын, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қауымдастығын бір алаңға тоғыстырды.
Кездесу Орталық Азияда және ЭЫҰ кеңістігінде трансшекаралық табиғатты қорғау іс-шараларын нығайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға бағытталды.
Кездесу барысында министрлер Өңірлік экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Самарқанд декларациясын, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық ынтымақтастықтың 2026–2030 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламасын мақұлдады.