ҒЭҚ-тың 8-ші Ассамблеясы аясындағы екіжақты кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1233843?lang=kk

Самарқандта өткен Ғаламдық экологиялық қорының 8-ші Ассамблеясы аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының Атқарушы хатшысы Пайе Рольф мырзамен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында қауіпті қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ химиялық заттар мен қауіпті қалдықтардың қауіпсіз өмірлік циклі бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.