Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1235368?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі халықаралық құжатты әзірлеу бойынша Үкіметаралық келіссөздер комитетінің төрағасы Хулио Корданомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі халықаралық келісімді әзірлеу барысын және алдағы келіссөздер кезеңінің басым бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің мүдделерін ескеру қажеттілігіне, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі пластиктерді орнықты басқару және пластикпен ластанудың алдын алу саласындағы өңірлік ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.