Климаттық келіссөздерге қатысу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1237370?lang=kk

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің делегациясы Германия Федеративтік Республикасының Бонн қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі маусымдық келіссөздеріне (SB 64) қатысуда.

Пленарлық отырыста Қазақстан атынан мәлімдеме жасалып, жаңартылған ұлттық айқындалған үлесті (NDC 3.0) іске асырудың, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Бонн климаттық келіссөздері 8 маусымда басталды және 18 маусымға дейін жалғасады.