ҚР Экология және табиғи ресуртар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК ресми сайтында https://iacoos.kz/kz/2026/06/12/43178
2026 жылғы 11–12 маусымда Астана қаласында Astana Mining & Metallurgy (AMM 2026) халықаралық көрмесі мен конгресі өтуде. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен металлургия кешенінің ең ірі салалық іс-шараларының бірі.
AMM алаңы жыл сайын мемлекеттік органдардың, жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарының, инвесторлардың, ғылыми қауымдастық пен халықаралық сарапшылардың өкілдерін біріктіріп, тау-кен металлургия саласын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Көрме аясында пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеуге арналған заманауи технологиялар мен жабдықтар, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік, цифрландыру және тұрақты даму бағытындағы озық шешімдер таныстырылуда.
Көрмеге дәстүрлі түрде Qarmet, ERG, Kaz Minerals, Kazakhmys, Kazzinc және басқа да саланың ірі компаниялары қатысады.
ҚОҚ АТО өкілдері іс-шараның іскерлік бағдарламасына қатысып, серіктестермен және сарапшылармен жұмыс кездесулерін өткізді, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға және өнеркәсіп секторындағы экологиялық саясатты жетілдіруге бағытталған заманауи технологиялық шешімдермен танысты.
Осындай халықаралық алаңдарға қатысу кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму саласындағы заманауи тәсілдерді ілгерілетуге ықпал етеді.

