Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1243220?lang=kk
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында «Болашақ ұрпаққа мұра» уақыт капсуласын орналастыру рәсімі өтті.
Капсулаға табиғатты қорғау саласындағы сабақтастықты нығайтуға, экологиялық мәдениетті дамытуға және ұлттық парктің бірегей табиғи мұрасын сақтауға бағытталған үндеулер енгізілді.
Уақыт капсуласы 20 жыл мерзімге сақтауға қойылды. Бұл бастама бүгінгі ұрпақтың табиғатты қорғау ісіндегі жауапкершілігін айқындап, болашақ ұрпаққа экологиялық құндылықтарды жеткізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.