Экологиялық қауіпсіздік және қалдықтарды басқару: вице-министр азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1243622?lang=kk

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде вице-министр Ж.Ш. Әлиевтің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өтті.

Қабылдау барысында азаматтар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің су ресурстарын қорғау саласына инновациялық технологияларды енгізу, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыру, қалдықтар полигондарының қызметі, сондай-ақ заңсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелері бойынша өтініштері қаралды.

Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалдықтарды орналастыру объектілерін пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуы, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді құзырет шегінде одан әрі қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар туралы өтініш иелерін хабардар ету жөнінде министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттеріне тапсырмалар берілді.

Министрлік қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша халықпен ашық диалогты дамыту және азаматтардың өтініштерін жедел қарау жұмыстарын жалғастыруда.